02
февраль
2026
Қазақ тілінен ашық сабақ 2025-2026
2026 жылғы 27 қаңтар күні «педагог-модератор» біліктілік санатына аттестатталатын педагогтардың ашық сабақтар онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мергембаева Ардақ Хасеиновна 1 «В» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы – «Көлік». Сабақтың мазмұны оқу мақсаттарына сай құрылған. Сабақтың өн бойында оқушылардың белсенді іс-әрекеті мен қызығушылықтары көрініс тапты. Педагог жетекші, бағыттаушы рөл атқара отырып, оқушылардың тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын дамытуға баса назар аударды. Тақырып бойынша практикалық тапсырмалар барысында оқушыларды бағалау арқылы оқу мақсаттарына қатысты күтілетін нәтижені бақылауда ұстауға тырысты. Қалыптастырушы бағалау кезінде педагог білім алушыларды өзін-өзі бағалау және өзара бағалау процесіне тарта білді.
Сабақ қорытындысы бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сейтказина Б.С. сабақты талдап, өз ұсынымдары мен ескертулерін айтып өтті.






Посмотреть онлайн файл: klk-mzh-1-synyp.pdf
Сабақ қорытындысы бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сейтказина Б.С. сабақты талдап, өз ұсынымдары мен ескертулерін айтып өтті.






Посмотреть онлайн файл: klk-mzh-1-synyp.pdf