school
» » Қасым-ЖоНаурыз Тоқаев пен Эмманюэль Макрон БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
01
Қараша
2023

Қасым-ЖоНаурыз Тоқаев пен Эмманюэль Макрон БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

2023 жылғы 1 қарашада Президент Қасым ЖоНаурыз Тоқаевтың шақыруымен елімізге Франция Президенті Эммануэль Макрон ресми сапармен келді. Кездесу нәтижесінде екі елдің Үкіметтері арасында Қазақстанда халықаралық (француз) мектептерін ашу және білім беру ұйымдарында француз тілін оқыту бойынша келісімге қол қойылды. 

Бұл сөз жоқ, отандық білім беру саласының даму бағытында тағы бір қадам жасауы. Біздің педагогтеріміз үшін тәжірибе алмасу мен кәсіби өсу мүмкіндігі. 

Француз мектептерін ашу Қазақстан мен Франция арасындағы білім, мәдениет, тіл білу бойынша ынтымақтастықтың жаңа факторы болады. Мектептерде француз тілінде оқытуға басымдық беріледі, сондай-ақ, мұндай білім беру ұйымдарында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде де оқытылады. 

Оқу процесіне ҚР ГОСО оқу бағдарламалары бойынша міндетті пәндер (қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы мен географиясы) енгізіледі.   Біздің балаларымыз француз тілін кәсіби игеріп, оны болашақта іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алады. 

Қазақстанда француз мектептерінің ашылуы және мектептерде француз тілінде сабақ беру туралы жаңалық мені педагог ретінде шын қуантты. Бұл кәсіби дамудың, тәжірибе мен білімімізді бөлісудің мүмкіндігі деп білемін.  

Бұл мектептерді тәмамдаған түлектер үшін еуропалық кеңістіктегі жоғары оқу орындарының есіктері айқара ашылады. Бұл отандық еңбек нарығы үшін кәсіби мықты мамандады даярлаудың тиімді мүмкіндігі. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив