school
» » ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮСІНДІРЕМІЗ
04
Наурыз
2024

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮСІНДІРЕМІЗ

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮСІНДІРЕМІЗ❗❗❗

1. Аттестаттау комиссиясы қаңтар - маусым айларында жұмыс жасайды және жылына 1 рет шешім шығарады, осылайша педагогтер 1 қыркүйектен бастап жалақыларына тиісті үстемақыларды алуға мүмкіндік алады;

2. Білім беру ұйымы педагогтерді аттестаттау үшін материалдарын қалыптастыруға жәрдемдеседі. Бұл ұжымдағы келісім мен өзара ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді, әрбір аттестаттаудан өтетін педагогке ұжым басшылығы тарапынан нақты қолдаулар көрсетіледі;

3. Әрбір сабақ (дәріс, шара, ұйымдастырылған іс-әрекет) - педагогтің білім беру әдістемесін меңгеруінің көрсеткіші болмақ;

4. Егерде педагог уақытша еңбекке жарамсыз болса, декреттік демалыстан шықса немесе білім беру ұйымынан мемлекеттік органдарға немесе әдістемелік кабинетке ауысса, онда оның біліктілік санатының қолданыс мерзімі 2 жылға дейін ұзартылады (бұрын 1 жыл);

5. Екінші, бірінші, жоғары санаттағы (көне формат) педагогтерге қолданыстағы форматқа ауысуға жақсы мүмкіндіктер қаралған: олар кез-келген біліктілік санатына арыз бере алады ("шеберден" басқа) және оң нәтижелер болған жағдайда таңдаған санаты бекітіледі.

"Ашық порталда" белсенді талқылауға қатысайық!










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив